Құрылғыны Басқару серверіне қосу уақытын тексеру туралы

Құрылғы өшірілген кезде Желілік агент Басқару серверін өшіру туралы хабарлайды. Басқару консолінде мұндай құрылғы өшірулі болып көрсетіледі. Алайда, Агент барлық жағдайда Басқару серверіне хабарлай алмайды. Сол себепті, Басқару сервері әрбір құрылғы үшін ара-тұра Басқару серверіне қосылған уақыты атрибутын талдап тұрады (атрибуттың мәні Басқару консолінде, Жалпы бөліміндегі құрылғы сипаттарында көрсетіледі) және оны Желілік агенттің қолданыстағы параметрлерінен синхрондау кезеңімен салыстырады. Құрылғы үш синхрондау кезеңінен артық уақыт бойы байланысқа шықпаса, онда мұндай құрылғы өшірулі болып белгіленеді.

Басына оралу